Жуырда Қордай ауданына қарасты Кенен ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен орталық алаңда ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Алға қазақ жігіттері!» атты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында Гвардейский қалашығында орналасқан 21-450 әскери бөлімінің сарбаздары дайындаған әскери ойын түрлерін ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары тамашалады. Айбынды әскер қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетіп, әскери үрмелі аспаптар оркестрінің концерттік бағдарламаларын көпшілікке ұсынды. Ауыл жастарын отансүйгіштікке, өз елін қорғауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған жиын жоғары деңгейде өтті.