Қордай аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен / Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу/ құқық бұзушылық жасаған азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Жеке кәсіпкер Ж. Қордай ауданы, Қаракемер ауылында орналасқан дүкенінен 9 қазан 2024 жылы сағат 00:10-да сол дүкенде сатушы болып тұрып, сатып алушы ретінде келген А.-ға бір шөлмек бөлшек сауда арқылы сатқан.
Сот отырысында Ж. кінәсін толығымен мойындап, іс әрекетіне өкініш білдіріп, дүкенде алкогольдік ішімдік заттарын сатуға лицензиясы жоқ екендігін көрсетті.
Ж.-ның кінәсі баянатпен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, алкоголь өнімін сатып алушының түсініктемесімен және тағы басқа іс құжаттарымен толық дәлелденді.
Сот қаулысымен жеке кәсіпкер Ж-ға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 147 680 теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген.