«АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ»

0

Аудан орталығында орналасқан №2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі әкімшілігінің ұйымдастыруымен мектеп түлектерімен «Алтын ұя мектебім!» тақырыбында кездесу өтті.

«Мамандықты қалай таңдау керек?», «Менің қолымнан келеді», «Маған керек» деп, өз қабілеттерін, ішкі сенімдері мен нақты мүмкіндіктерін ескеру қажеттілігін анықтау мақсатында өткен кездесуге мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Шақырылған қонақтар Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ермек Айбек пен Н.Исанов атындағы Қырғыз мемлекеттік көлік және сәулет университетінің түлегі Ермек Жүнісов оқушылармен кездесу барысында мамандықтарының қыр-сырымен жан-жақты таныстырып, жастарға болашақта дұрыс мамандық таңдауға бағыт-бағдар берді. «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысында салалары бойынша кездесетін қиындықтарды жеңуде табандылық таныту мен мектеп табалдырығында алған білімдері үлкен рөл атқаратынына тоқталды. Мектептің «Мектеп театры» үйірмесі мен мектеп парламентінің мүшелері дайындаған қойылым мен әуелете салған әндеріне тәнті болған қонақтар мектеп әкімшілігіне шақыртулары үшін алғыс білдірді.

Мейірім АНУАРБЕК, №2 Михаил Ломоносов атындағы орта мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.