«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮЗДІК ФИЛИАЛЫ

0

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Amanat» партиясының мақсаттары мен міндеттерін тиімді іске асырудағы жоғары белсенділік пен бастамашылдық үшін Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов «Үздік төраға» номинациясымен марапатталды.

Марапаттау рәсімінде филиалдың бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, фракция мүшелері және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері де белсенділік танытқан. Олар партиялық жобалар мен бастамаларды сапалы жүзеге асырып, қоғамдық және әлеуметтік маңызды іс-шараларға белсенді қатысқан. Осы орайда Қордай аудандық филиалы «Белсенді филиал» номинациясымен де марапатталды.

Филиалдың белсенді жұмысы аймақ тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, жергілікті мәселелерді шешуге және партияның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған. Марапаттар әрбір мүшенің ынтасы мен кәсібилігінің нәтижесі болып табылады, ал филиалдың алдағы жоспарлары — өңірдегі әлеуметтік және экономикалық жобаларды одан әрі дамыту.

Қордай аудандық филиалының жетістіктері — бұл партияның халыққа жақындығы мен сенімділігін арттырудағы маңызды үлгі. Марапаттау рәсімі қатысушыларға қосымша ынталандыру болып, болашақтағы жұмыстарға серпін бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.