АНТЫҢА АДАЛ БОЛ, ЖАС САРБАЗ!

0

9 қараша күні ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы департаментінің Қордай ауданы бойынша Шекара қызметі басқармасында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың салтанатты ант беру рәсімі өтті.

Шараға ата-анал РФ Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдадыар, командирлер және ауған соғысының ардагерлері қатысып, 290 жас сарбаз Отанға адал болуға ант берді.

Әскери ант қабылдау – әрбір жауынгердің өміріндегі ерекше әрі толқытатын сәт. Бұл тек рәсім ғана емес, ерлік пен абыройдың, жауапкершілік пен намыстың нышаны. Жас сарбаздар сап түзеп, командирлер алдында Қазақстанға адал қызмет етуге ант етті. Іс-шараға ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы департаменті бастығының орынбасары, полковник Ерік Тұрғынбаев, Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Есенбек Оналбек және Қордай аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Даулет Қырғызбаев қатысты.

Жас сарбаздарды құттықтаған Даулет Қырғызбаев:

«Ант қабылдау – нағыз Отан қорғаушысы болу деген сөз. Әрқайсыңызға мемлекеттік шекараны қорғау мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті жүктеледі», – деді. Жас жауынгерлер бастапқы әскери дайындық курсынан өтіп, ресми түрде Отан қорғаушылар қатарына қосылды. Салтанатты рәсімнен кейін сарбаздар қарумен жұмыс істеу машықтарын, әскери техника және қызметтік иттермен көрсетілімдерін, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарын көрсетті.

Жыл сайын Қордай ауданына елдің түкпір-түкпірінен жастар мерзімді әскери қызметке келеді. Бұл жолы олардың басым бөлігі Түркістан және Жамбыл облыстарынан келген. Рәсім соңында сарбаздардың ата-аналарына әскери бөлім аумағын аралатып, казарма, асхана, спортзал және Мәдениет үйін көрсетті. Ата-аналар балаларының тұрмыс жағдайымен танысып, командирлерге сұрақтарын қойып, сарбаздармен жүздесті.

Дәстүр бойынша осы күні сарбаздарға туыстарымен кездесуге уақыт берілді.

Енді жас жауынгерлерді алда қарқынды әскери оқу, дала жаттығулары және жаңа сынақтар күтеді. Себебі шекара қызметі – бұл тек борыш емес, бұл – абырой.

Leave A Reply

Your email address will not be published.