АРДАГЕРМЕН КЕЗДЕСУ – РУХАНИ АЗЫҚ

0

Гвардейск гарнизонындағы 97617 әскери бөлімінде ауған соғысының ардагерімен кездесу өтті.

Жеке радиолокациялық рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары лейтенант Бекзат Мошқалдың ұйымдастыруымен әскери қызметшілермен «Есімде Ауған соғысы» тақырыбында кездесу өткізілді.
Сабаққа ауған соғысының ардагері Рахат Байтеміров қатысып, соғыс пен бейбіт өмірдің айырмашылығын түсіндірді. Ол, ауған жеріндегі соғыс жайында айтып, басынан кешкен оқиғаларын бөлісті. Сондай-ақ ол өзінің бірнеше әскери техникаларды жүргізгенін айтып, қаза тапқан қарулас жолдастарының ерлігі жайлы және ауған халқының өмір сүру салт-дәстүрі мен жалпы халықтың тұрмыс тіршілігі туралы айтты.
Сабақ соңында әскери бөлім басшылығы ауған ардагеріне алғыс білдіріп, рахметін жеткізді.
– Біз бүгін әскери қызметшілермен кездесу өткіздік. Сабақ барысында ауған ардагері Рахат Байтеміров ағамыз ауған соғысы туралы және өзінің басынан кешкен қызықты оқиғаларын айтты. Әскери қызметшілер рухани әсер алып, патриоттық сезімдері арта түсті, – дейді рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары лейтенант Бекзат Мошқал.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.