Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Балауса» жазғы демалыс лагерінде «Жазда қызықты кітап оқимыз» тақырыбында бульварын ұйымдастырды.
Жаз мезгілінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы кітапханаға түскен жаңа кітаптар мен таныстырып өтті. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға Марат Құлибайұлының «Қолқанат», Қуандық Шамахаевтың «Кішкентай адам», Бейбіт Қойшыбаевтың «Ғажайып шақ», Тәкен Әлімқұловтың «Ел мен жер» атты көптеген кітаптарды оқуға кеңес берді.
Кітап — ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы кітап адамзат баласының сан ғасырлық ақыл-ойының, парасатының, рухани ізденісінің жемісі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл қазына, сарқылмас білім бұлағы.
Кітап оқу — балалар үшін білім алу, тіл байлығын дамыту, түрлі кейіпкерлердің өмірін түсіну. Әр кітап — жаңа әлем, жаңа оқиға.
Қорыта айтқанда, жазда қызықты кітап оқу — оқырмандар үшін демалыстың ең мәнді бөлігі.