АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

0

Құрметті ата-аналар, жаздың келуімен балалар үшін көптен күткен демалыс кезеңі, шомылу, аула және көше ойындары басталды.
Осы кезеңде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасыҚордай ауданының білім бөлімі балалардыңқауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұрайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай жыл сайын суға шомылу және ойын кезінде суару каналдары мен басқа да су қоймаларының, көлік жүретін бөліктің жанында балалардыңқайғылы жағдайға душар болуы орын алуда. Негізгі себептері: Суда жүзу дағдыларының болмауы, су жылдам ағатынөзен арналарының тік жәнеқұламалы жағалауларында балалардың бақылаусыз ойнауы, шомылуға бейімделмеген және тыйым салынған жерлерде шомылу т.б.
Осыған байланысты балалармен, олардың достарымен және жолдастарымен құпияәңгіме жүргізуқажет, онда еркін жағдайдақауіпсіздік шараларын түсіндіру және белгілі бір тыйымдарды айту қажет. Көшедегі балаларға бақылауды күшейту және автокөлікқұралдары саныныңөсуі және осы уақыт кезеңінде жеке және мемлекеттік сектордыңқұрылыс-жөндеу жұмыстарыныңұлғаюы жағдайында, тіпті шеткі және тыныш болса да, көшелердің жүріс бөлігінде ойындарға жол бермеу. Көше мен көлік жүретін бөлік ойын ойнайтын орын емес, ол үшін саябақтар, скверлер, спорт алаңдарықарастырылған және жұмыс істейді, сонымен қатар білім бөлімі мен аудан мектептерінің спорт алаңдары мен спорт залдарын тегін пайдалану мүмкіндігі беріледі.

С.ӘШІРБЕКОВ, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай аудандық білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.