Ата заңдағы жаңашылдықтар – еңбек ұжымының назарында

0

Ата заңдағы жаңашылдықтар – еңбек ұжымының назарында

Қордай аудандық Мансап орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған мазмұнды жиын өтті.

Жиында ауыл әкімі Ә. Қаспақбаев баяндама жасап, Ата заңға енгізілген нормалардың ел дамуының жаңа талаптарына сай қабылданғанын атап өтті. Ол реформалардың басты бағыты – әділеттілік қағидатын нығайту, басқару үдерістерінің ашықтығын арттыру және халықтың мемлекеттік шешімдерге қатысу мүмкіндігін кеңейту екенін жеткізді. Сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың маңызына тоқталды.

Аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Н. Молдабеков өз сөзінде Конституция – құқықтық мемлекеттің берік тірегі екенін айта келе, енгізілген толықтырулар азаматтардың мүддесін қорғауға және қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Жиын қорытындысында орталық қызметкерлері пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.