АТА ЗАҢЫМ – ҚОРҒАНЫМ

0

Бұлжытпай тек орындасаң Ата Заңды,

Бақытты боп атырарсың талай таңды.

Арды сақтап, тәніңе қуат беріп,

Шуағына бөлеген әрбір жанды.

 

Ерекше күш бар әрбір үтірінде,

Ішінде мақсат, тілек, үмітің де.

Алла қолдап әрқашан сәтті болар,

Құтты болып өмірдегі істерің де.

 

Алтын Заңым – құқығымның кепілі,

Ер халқымның өкілі.

Көк аспанда, көк байрағым желбіреп,

Қанат жайып өркендеудің тетігі.

 

Жаңылмай жүрісінен ар сағаты,

Мәңгілікке баурап алар шапағаты.

Із басатын ұрпақтарға аманат,

Тисін көпке мейірлі шарапаты.

 

Елімнің еркіндігі – Ата Заңым,

Сондықтан күлімдейді атар таңым.

Халқымның еселеп мерейі артса,

Орындауға мүлтіксіз, мен де дайын!

 

Талғат Абдрасилов,

Қордай ауылы.

 

Фестивалді Кенен ауылы өнерпаздары

Leave A Reply

Your email address will not be published.