АУДАН ӘКІМІ ДАУЫС БЕРДІ

0

Ел тарихындағы алғаш рет өтіп жатқан ауыл әкімдерінің жаңа форматтағы сайлауында алғашқылардың бірі болып аудан әкімі Р.Дәулет дауыс берді. Аудандық мәдениет үйінде орналасқан №239 сайлау учаскесіне барып, Қордай ауылдық округі әкіміне кандидат азаматтарға өз даусын берді. Арнайы тіркеу рәсімінен өткеннен кейін дауыс берушілерге: «Бүгін барша жерлестеріміз үшін маңызды күн, өз таңдауларыңызды жасап, дауыс беруге шақырамын. Сіздердің бүгінгі таңдауларыңыз ауылдың, халықтың болашағын қалыптастыруда өте маңызды», — деп өз бюллетенін сайлау жәшігіне салды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.