Аудан басшысы дәрігерлермен кездесті

0

Бүгін аудан әкімі Р.Дәулет аудандық орталық ауруханаға барып, індетпен күресіп жатқан мекеменің бүгінгі ахуалымен танысты. Сонымен қатар, аудан орталығындағы бірқатар дәріханаларды аралап, ондағы дәрі-дәрмек мөлшері мен олардың бағасына зерделеу жасады.

Ең алдымен жергілікті орталық ауруханаға барып жұқпалы аурулар бөлімінің күндізгі стационарларына барып, жағдаймен танысты. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері З.Қадырбекова ауруханадағы науқастардың жағдайын баяндап, әзірге төсек орны жеткілікті екендігін жеткізді. Аудан басшысы «Еліміздегі күрделі эпидемиологиялық ахуалды ескеріп, барлық жағдайға дайын болуымыз керек, әсіресе артық төсек орындары мен дәрі-дәрмектердің болуы қажет» — деп атап өтіп, орталық аурухананың бас дәрігері З.Қадырбекова мен аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозовке нақты тапсырмалар берді. Нысанды аралағаннан кейін аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен алынған өкпеге ауа беру 5 концентратор аппараттарын ауруханаға табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, аудан әкімі Д.Дәулет аудан орталығындағы «Бекжан» және «Назар» дәріхана меңгерушілерімен кездесіп, осындай күрделі кезеңде халықты дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етіп, бағаны негізсіз өсірмеуді ескертті. Бүгінгі күні аудандағы дәрі-дәрмекке қатысты мәселе біртіндеп өз шешімін тауып келеді. Дәріхана иелері аудан тұрғындарына қажетті дәрі-дәрмекті уақытылы жеткізіп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.