АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ Н.САДЫҚОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті қордайлықтар!
Баршаңызды шын жүректен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл елімізде өмір сүретін халықтардың татулығы мен өзара ынтымақтастығын айқындайтын айрықша мәні бар мемлекеттік мереке. Сондықтан бұл күнді еліміздің әрбір ұлт өкілі өзінің ең салтанатты мерекесі деп санайды.
Халықтың бірлігі, татулығы мен ынтымағы Қазақстанның өркендеуі мен гүлденуінің негізі болып табылады. Бүгінде мемлекетіміздің әрбір азаматы ұлтына немесе діни көзқарасына қарамастан Ата Заңмен кепілдендірілген өз азаматтық құқығы мен бостандығын толық көлем-де пайдалана алады. Елімізде этникалық бірегейлікті, мәдениетті, тіл мен салт-дәстүрлерді дамытуға барлық жағдай жасалған.
Ынтымақ пен ауызбіршілік, Отан алдындағы жауапкершілік Қазақстанның қарқынды дамуының алғышарты, ертеңгі күнге деген қайнар күші болып табылады.
Қадірлі жерлестер!
Көктемнің шуақты күнінде сіздерге көтеріңкі көңіл-күй, зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.