12 қараша күні аудандық мәслихаттың сессиясы өтті. Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен өткен жиынға депутаттармен қатар аудан әкімі Бегзат Болатбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты.
Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева ағымдағы жылғы аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістерді ұсынып, оның ұсынысын депутаттар бірауыздан қолдады.
Сондай-ақ, 2023 жылы Қордай ауданы бойынша пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультативтік-кеңесші органның атқарған жұмысы туралы есеп тыңдалды. Ол бойынша аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай баяндама жасады.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.