АУЫЛ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0

Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл имамдарымен кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Қарабаев және ауылдық округтердегі мешіт имамдары қатысты.

Жиын барысында жергілікті атқарушы орган мен ҚМДБ-ның өкілдері арасында 2023 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, биылғы жылға жоспарлар тағы бір мәрте нақтыланды.

Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары аудан тұрғындарының арасында діни біліктілікті және руханиятты көтеру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылғандығын және алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Жиын қорытындысында имамдар тарапынан бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылып, алдағы уақытта нәтижелі жұмыстар жүргізілетіндігін тілге тиек етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.