АУЫЗ СУДЫ ҮНЕМДЕП ПАЙДАЛАНАЙЫҚ!

0

«Құдық құрғағанша, судың қадірін білмейміз» (ағылшын мақалы)

Құрметті абоненттер!

«Ақсу Қордай» ЖШС тұрғындарды ауыз суды үнемдеп, ұқыпты пайдалануға шақырады. Атап айтқанда: су крандарын ашық қалдырмаңыздар, ауыз суды бақша суаруға қолданбаңыздар, көлік жумаңыздар, құрылыс жұмыстарына ауыз суды пайдаланбаңыздар.

Қордай ауылында арық арқылы суару жүйесі жоқ, сондықтан көптеген тұрғындар бақшаларын ауыз сумен суарып отыр. Жаз мезгілінде электр қуатына түсетін жүктеме артады, себебі біздің кәсіпорын тәулік бойы су жеткізеді. Осыған байланысты «Ақсу Қордай» ЖШС-не ауыртпашылық түсіп отыр, соның салдарынан су тұрғындардың өздеріне жетпей қалады.

Назар аударыңыз!

Ауыз судың мақсатсыз пайдаланылуына байланысты биіктеу орналасқан көшелерде су болмай қалады. Сондықтан: тексеруші мамандарды аулаға кіргізулеріңізді сұраймыз, иттерді байлап қоюларыңызды өтінеміз. Егер бақша суарған, үй құрылысына немесе басқа мақсатта ауыз су қолданған жағдайлар анықталса — абонент су жүйесінен ажыратылады.

Сонымен қатар еске саламыз:

Су үшін қарызы бар абоненттер 28–30 шілде аралығында төлем жасауы қажет. Көрсетілген мерзімде төлем жасалмаған жағдайда, су толықтай өшіріледі.

Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!

«Ақсу Қордай» ЖШС әкімшілігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.