БҰЛ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ЕҢБЕГІМІЗДІҢ ЖЕМІСІ

0

Құрметті қордайлықтар!

Сіздерді келе жатқан жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

2025 жыл ауданымыз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен толайым табыстың кезеңі болды деп айтуға болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан реформалар біздің өңіріміздің дамуына тың серпін берді. Қордай ауылында 144 жаңа пәтердің кілті табысталды. Үлкен Сұлутөрде дәрігерлік амбулатория, Қайнарда 3800 гектар суармалы алқапқа қысымды су құбыры, Үлкен Сұлутөр мен Қақпатаста мәдениет үйлері, Сортөбеде 200 келушіге арналған емхана пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Қаракемер мен Қарасу ауылдарында жаңа мектептер қолданысқа берілді.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласында да маңызды жобалар жүзеге асырылып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы айтарлықтай артты. Жастарымыздың білім мен шығармашылық саласында жеткен табыстары мен белсенді азаматтарымыздың қоғамдық өмірге қосқан үлесі ерекше мақтауға лайық.

Бұл – біздің ортақ еңбегіміздің жемісі. Жаңа жыл әрбір отбасыға мол бақыт, амандық, денсаулық пен табыс әкелсін. Жастарымыз білім мен шығармашылықта, әр азаматымыз өз ісінде табысқа жетсін. Басты күшіміз — бірлігіміз бен татулығымыз берік болсын!

Құрметті жерлестер!

Алдағы 2026 жылы ауданымыз бұдан әрі өркендеп, әрбір үйдің мерейі арта берсін! Баршаңызға шын жүректен шаттық пен мол табыс тілеймін!

Келе жатқан 2026 жыл баршаңызға құтты болсын!

Бегзат БОЛАТБЕКОВ, Қордай ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.