БҰЛАР БАТЫР «САЛАУАТТЫ АУЫЛ» АТАНДЫ

0

Cортөбе ауылдық округіне қарасты Бұлар батыр ауылы «Салауатты ауыл» атанды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты халық жобасы» аясында іске асып жатқан жобада аталмыш ауылға осындай статус берілді. Бұл жобада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы денсаулығын түзету» қағидалары қамтылған. Бұл жобаның негізгі мақсаты халықтың денсаулығын жақсарту, өмір сүру жасын ұзарту болып саналды.

Бұлар батыр ауылындағы алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету мекемесінің үздік тәжірибелік орталығы алдында салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Primary Health Care» Ұлттық Ассоциациясы президенті Төлебай Рақыпбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жанар Оспанова, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов, ауданның медицина саласының өкілдері, ақсақалдар, ауыл тұрғындары қатысты. Құттықтаулар мен тілектер соңы марапаттау рәсіміне ұласты. Арнайы баяндама жасаған аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Айдын Байбеков құрметті қонақ Төлебай Рақыпбековке «Авиценна» төсбелгісін тақты. Сонымен қатар бірқатар азаматтарға аудандық аурухананың 100 жылдығына арнайы шығарылған мерекелік медаль табыс етілді.  Одан кейін жоба аясында ашылған медициналық-әлеуметтік көмек көрсету мекемесінің лентасы қиылды. Содан кейін жиналған көпшілік оны аралап көріп, мамандар әр кабинет бойынша түсініктеме берді. Аталмыш жоба аясында осы күні «Салауатты жастар» кабинеті лентасы қиылып, одан кейін №19 орта мектеп алдында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, келесі кезекте қонақтар мектепте орналасқан Бұлар батыр мұражай-кабинетімен танысып, сол мектепте бірнеше тарап арасында «Салауатты ауыл, «Салауатты мектеп» және «Жастар денсаулығы» бойынша меморандумға қол қойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.