БАҒА БАҒАМЫ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

0

Аудан кәсіпкерлерінің әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарларының  бағасын  негізсіз өсірмеуі және тауардың сауда үстемесін 10-15% асырмауы мақсатында «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалы саяси кеңесі бюросының мүшелері Б.Қарамолдаева, А.Аяпберген және Қордай аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі А.Алматаева  Қордай ауылындағы «Рахат» және «Көбей» дүкендеріне, Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Ақәділ» және «Милана» дүкендеріне, Бетқайнар ауылдық округіндегі «Карина» дүкеніне,  Әлжан ана ауылдық округіндегі «Ақмаржан» және «ТПС» дүкендеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Дүкендердің ешқайсысында тауарлардың жүкқұжаттары жоқ, сонымен қатар, тауарларда бағалары қойылған белгі жоқ, кейбірінде тіпті кассалық аппарат жоқ болып шықты. Дүкендер жүкқұжат көрсетпеді және сатушылармен сұхбаттасу кезінде  Қордай ауылындағы «Рахат» және «Көбей» көтерме дүкендерінен тауарлар алынатындығы анықталды.

Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Ақәділ» дүкенінде зерделеу кезінде 6 тауардың бағасы 15% сауда үстемесінен асқан; (күріш — 16,2%, кеспе — 18,5%, айран — 17,8%, күнбағыс майы — 27,2%, қант — 31,2%, тұз — 25%, «Милана» дүкенінде күнбағыс майы – 32%).

Әлжан ана ауылдық округі «Ақмарал» дүкені бойынша: күріш – 22,4%, бірінші сұрыпты ұн — 48%, тауық еті – 20,7%, күнбағыс майы – 36,3%, қант -28,4%, тұз -25%. «ТПС» дүкені бойынша: күнбағыс майы — 33%, қант — 18%, тұз – 25%.

Бетқайнар ауылдық округі бойынша: «Карина» дүкені: күріш – 18,8%, сары май – 16,2%, күнбағыс майы – 34,7%, қант – 18,1%.

Сонымен қатар, бұрын атап өткеніміздей, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз өсірген Отар ауылдық округіндегі «Шұғыла» және «Еламан» дүкен иелеріне облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің маманы келіп ескерту жариялады.

Аудандық қоғамдық кеңес

Leave A Reply

Your email address will not be published.