БАТАЛЬОН СЕРЖАНТТАРЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ

0

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің батальон сержанттары Гвардейск гарнизонында командирлік даярлықтан өтіп жатыр.

Танкистер құрамасында өтіп жатқан жиынның негізгі мақсаты жұмыстың бірыңғай әдістемесін келтіру, бағыныстыларды тәрбиелеу, оқытудың нысандары мен әдістерін жетілдіру, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін зерделеу болып отыр. Сондай-ақ, жиында сержанттар құрамының қызметтік іс-әрекетіне талдау жүргізіледі.
— Батальон сержанттарының жиыны жауынгерлік даярлықта оқу тәсілдерін бірыңғай жүйеге келтіруге бағытталған. Сондай-ақ сарбаздарды оқытудың жаңа тәсілдерін қарастырып, тәжірибе алмасуға септігі зор, – дейді батальон сержанты Қайрат Саитжанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.