«БАТЫР ТҰЛҒА – БАУЫРЖАН»

0

Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейінің қорынан жасақталған

«Батыр тұлға –

Бауыржан» атты көшпелі көрмесі  Қордай ауданына жеткізілді.

Көрмеге Бауыржан Момышұлының күнделікті тұрмыста қолданған жеке заттары, киімдері, жазған кітаптары қойылған.

Аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған  көрмені ауыл ақсақалдары, жастары және жалпы аудан тұрғындары тамашалады.

Көшпелі көрмені Бауыржан Момышұлының немере інісі Бекет Момынқұл бастап келіп, батырдың мол мұрасын өзі жекелей таныстырып өтті.

Келесі кезекте көшпелі көрме Меркі және Т.Рысқұлов ауданында жалғасын табатын болады.

Еске сала кетейік, Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 — 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В.Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты.

Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.