Бетқайнар ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформалар жобасын талқылауға арналған кездесу өтті.

0

 

Іс-шара барысында Бетқайнар ауылдық округінің әкімі сөз сөйлеп, ұсынылып отырған өзгерістердің еліміздің дамуы үшін маңыздылығына тоқталды. Ол конституциялық реформалардың негізгі мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кеженбаев Қали Абдыханович өз пікірін білдіріп, конституциялық жаңғырудың қоғам өміріндегі рөліне назар аударды. Ол тұрғындарды ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.