БІРЛІК — БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

0

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қордай ауданы бойынша этносаралық келісімді нығайтуға арналған он күндік іс-шаралар аясында Масаншы және  Сортөбе ауылдық кітапханалары мәдениет үйлерінде  «Бірлік пен бейбітшілік» айдарымен көшпелі кітап көрмелерін ұйымдастырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы дүние жүзіндегі татулық пен түсіністікті сақтаудағы теңдессіз ұйым ретінде бағаланады. Кітап көрменің мақсаты: елдегі бірлікті, достық пен татулықты, ұлттық мәдени салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрып, өнер мен мәдениетті қалыптастыра отырып дамыту, кейінгі ұрпаққа өнегесі мол тәрбие беру. Көрмеге Сортөбе және Масаншы ауылының этнос өкілдері, мектеп оқушылары  қатысып, библиографиялық шолу жасалды. Сонымен қатар Масаншы ауылдық кітапханасының  кітапханашысы М. Сарымсақованың  ұйымдастыруымен кітапханада этносаралық келісімді нығайту мақсатында  «Келісім мен бірлік -басты ұранымыз» атты  өзге этнос өкілдерімен кездесу кеші өтті. Кітапханашы кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттермен және «Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы», «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс», «Қазақ хандығына 560 жыл», «Бір дәуірдің екі дауысы», «Абайды оқы, таңырқа» атты тұрақты кітап көрмелерімен таныстырды. Кешке қатысқан  ауыл ақсақалдары А.Гуанло, Щ.Люшпаров, Гейсер, Р. Соров және ауыл тұрғындары  өз ойларын ортаға салып, әсерлі әңгімелерімен бөлісті.

У. Джанузакова, Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің библиографы

Leave A Reply

Your email address will not be published.