«БІРТҰТАС ҰЛТ – БІРТҰТАС ӘСКЕР»

0

Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасымен бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан жастары арасындағы әскери қабілеттерін шыңдау мақсатында «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» атты әскери-спорттық экскурсиясы өткізілді.

Әскери-спорттық экскурсияны өткізудегі бас-ты мақсат — әскерге шақырылған жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру, жаңа қазақстандық патриотизм түсінігін жастарға ұғындыру және болашақ сарбаздардың әскери дайындық білімін дарыту болып табылады. Әскери борышын өтеуге шақырылған жастар  әскери техникамен танысып, әскери өмірдің  қалай  болатыны туралы білді. Студенттер және жоғарғы сынып оқушылары  казармалар мен басқа да обьектілерге экскурсия, жауынгерлік даңқ бөлмесін көріп, армия активімен кездесіп, командалық-диспетчерлік бөлмемен, әскери теxникамен және қару-жарақтармен, әскери қызметшілердің тұрмысымен, қорытындылай келгенде әскери өмірдің бір күндік тұрмысымен танысты. Жастар сарбаздардың жаттығу процесіне  ерекше қызығушылық танытты. Әскерге шақырылған жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке дайындау, олардың бойында әскери қызметті өткеру кезінде қажет болатын ептілік пен икемділікті қалыптастыруды басты міндет қылған бұл экскурсияға Қордай ауданының әскери  міндетін орындауға шақырылған жастары және студенттері қатысты. Экскурсия соңында шекара сарбаздары және жастар арасында кіші футболдан жарыс  ұйымдастырылды.

 

Г.Демеуова, Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы                        

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.