Құрметті Қордай ауданының тұрғындары мен қонақтары! Қордай ауданы аумағы бойынша сәуір айының 10-12 күндері аралығында «Борышкер-2024» акциясы жүргізілуде. Осы акция барысында Қордай АПБ-нің қызметкерлері және аудандық жеке сот орындаушылары бірлесіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Сол себептен, Сіздерден, салынған айыппұлды уақытысында №204106 бюджеттік сыныптама кодына төлеулеріңізді сұранамыз. Әкімшілік айыппұлды төлегеннен кейін, айыппұл төленгені туралы түбіртекті Қордай ауылы, Төле би көшесі 61 мекенжайы бойынша орналасқан Қордай АПБ-нің әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік практика тобына алып келулеріңіз қажет.
Ш.Ещиганов, Қордай АПБ-нің ӘПБ ӘТТ аға инспекторы полиция майоры