Жамбыл облысы аумағында ағымдағы жылдың шілде айының 23-25 жұлдыздарыаралығында «БОРЫШКЕР-2025» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.
Оған жергілікті сот орындаушылары, учаскелік полиция инспекторлары және әкімшілік практика тобының қызметкерлерімен бірлесіп салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру мақсатында борышкерлердің мекен жайлары араланып, салынған айыппұлдарды төлеу туралы ескерту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар автокөлік жүргізушілеріне айыппұлдарды жеті күннен асырмай төлеу туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді.