ҚҰРМЕТТІ, ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Қордай ауданы аумағы бойынша 2025 жылдың ақпан айының 20-28 күндері аралығында «Борышкер-2025» акциясы жүргізіледі. Осы акция барысында Қордай АПБ-нің қызметкерлері және аудандық жеке сот орындаушылары бірлесіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлдарды өндіру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Сол себептен, Сіздерден, салынған айыппұлды уақытысында №204106 есеп шотына төлеулеріңізді сұранамыз. Әкімшілік айыппұлды төлегеннен кейін, айыппұл төленгені туралы түбіртекті Қордай ауылы, Төле би көшесі №61 мекенжайы бойынша орналасқан Қордай АПБ-нің әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік практика тобына алып келулеріңіз қажет.
Ш.ЕЩИГАНОВ, Қордай АПБ-нің ӘПБ ӘТТ аға инспекторы, полиция майоры