12 желтоқсанда аудандық мәслихаттың сессиясы өтіп, оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов жүргізді. Сессия жұмысына, депутаттардан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Жұлдықбек Бақаев, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
Сессияда алдымен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Сырлыбаевтың 8 желтоқсанда өткен шығып қалған депутаттардың орнына сайлау туралы ақпараты тыңдалып, онда мәслихат депутаты болып Амине Туншанло және Мадина Аманбаева сайланғаны туралы ақпарат айтылды.
Бұдан соң депутаттар ағымдағы жылғы аудандық бюджетке түзетулер енгізу туралы мәселені қарап, бірауыздан бекітті. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені салаларының мамандарына, Қордай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмысқа және тұруға келген ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы әлеуметтік қолдау шараларымен ұсыну туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» №10-3 шешіміне өзгертулер мен түзетулер енгізді.