БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

0

6 мамыр күні Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың сессиясы өтті. Оған депутаттардан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, бөлім басшылары, аудандық қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесінің төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.

Депутаттар 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы мәселені қарап, бірауыздан мақұлдады. Сондай-ақ Қордай өңірінде 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекітті – заңнамаға сәйкес шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарында туристік жарна мөлшерлемелері ағымдағы жылы тұру құнының 0 (нөл) пайызын құрайды.

Келесі кезекте аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Сырлыбаевтың хабарламасы тыңдалды. Ол 31 наурызда өткен депутат сайлауы бойынша ақпарат берді. Сайлау қорытындысы бойынша шығып қалған депутаттардың орнына аудандық мәслихат депутаттары болып Бейқұт Жамангозов пен Айша Идыбо сайланды.

Бұдан бөлек, сессияда Қордай ауданында 2028 жылға дейін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін Қордай ауданы әкімдігінің және аудандық полиция бөлімінің қызметін бағалау критерийлері бекітілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.