Дала өртінің алдын алу

0

Жаз – шаруаның айы, тіршіліктің қызулы бір шағы десек те, оның өзіндік қауіп-қатері де аз емес. Соның бірі – жазғы дала өрттері болып отыр.

Ал олардың алдын алу және болдырмау мақсатындағы тисті жұмыстар үнемі жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №107 бұйрығымен бекітілген «Дала өртін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді қағидасы» басшылыққа алынып келеді.

«Өрт – тілсіз жау» демекші, орын алған сол өрттің салдарынан мал азығы жойылды.    Әйтсе де, енді жаздың ыстық айларының басталуына байланысты дала өртінің орын алу ықтыймалдығы бірте-бірте артатыны белгілі. Сондықтан қандай да болсын, дала өрттері орын алған жағдайда, оны жоюға әзір болуымыз қажет-ақ. Сол үшін барлық сақтық шараларын қолға алып, аудандағы әр ауылдық округтерде құрылған ерікті өрт сөндіру жасақшылары ұдайы дайындықта (керекті құрал жабдықтармен, техникалармен) болуларын ескертеміз.

Иә, еліміз бойынша алғанда, жыл сайын орын алған дала өртінен мыңдаған шаршы шақырым мал азығы жойылады. Бұл дегеніміз – қыста малға азғының тапшы болуының ең бірінші себебі. Малға азық жеткіліксіз болған жерде, оның күйі де кемиді, өтімділігі мен өнімі де азаяды, бұл – шаруа баққан жандар үшін орасан шығын. Даладағы өрт жаз жайлауда малын бағып, күнкөріс көзін жасап отырған малшы ағайындарға да мол шығын әкелері сөзсіз. Сондықтан өрттің алдын алу, оны болдырмауды ойға алып, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай жүру жалпыға міндет деп білгеніміз дұрыс.

Ең алдымен, мал шаруашылығы мен жұмыс жасайтын техникаларда ұшқын ұшырмайтын арнайы торлары болуы тиіс, ал техника үнемі тазаланып ұсталуы шарт. Сонымен қатар мал шаруашылығымен еңбек етуші қызметкерлер және шаруа қожалықтарымен қатынасатын ауыл тұрғындары өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарын сақтау қажет, яғни далалық жерлерде қураған шөптердің айналасына от жағуға, ішімдік немесе басқада сусындарың ыдыстарын және шылымды толық сөндірілгеніне көз жеткізбей, тастамау қажет екендігін ескертеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.