Декларацияны 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет.
ҚАЛАЙ ТАПСЫРУҒА БОЛАДЫ?
Декларацияны келесі әдістермен тапсыруға болады. Онлайн: «Салық төлеуші кабинеті» «Электрондық үкімет» веб-порталы, «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы, Halyk Bank, Bank CenterCredit мобильді қосымшалары.
Қағаз түрінде: Пошта арқылы жіберуге болады. Мемлекеттік кірістер органына өзіңіз барып тапсыруға болады.
ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРМАҒАНДАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК!
Егер декларация тапсырылмаса: Бірінші рет – ескерту беріледі. Қайта бұзсаңыз (бір жыл ішінде) – 15 АЕК (55 500 тг шамасында) айыппұл. Егер дек-ларацияда қате немесе толық емес мәліметтер болса: Бірінші рет – ескерту. Қайта бұзсаңыз (бір жыл ішінде) – 3 АЕК (11 100 тг шамасында) айыппұл.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Декларацияны уақытында және дұрыс тапсыру – сіздің қаржылық жауапкершілігіңізді ретке келтіруге көмектеседі.