ДЕМАЛУ КЕЗІНДЕГІ КЕҢЕС

0

Табиғат – адамзатпен біртұтас дүние. Ол біздің өмірімізде аса маңызды орынға ие, оның көңіл-күйімізге, денсаулығымызға, атқарып жатқан жұмысымызға әсері зор.
Күн жылысымен адамдарды табиғат аясынан, шомылу орнынан, демалу орындарынан жиі кездестіруге болады. Себебі күннің ысуы үйде отыруға мүмкіндік қалдырмайды. Сонымен қатар адамдарды таулы жерден, орманды және көлдің жағасынан, демалыс орнынан көріп жатамыз. Қазіргі таңда көптеген өрттер осы таулы, далалы, орманды алқаптарда орын алып жатады. Бұл көбіне адамдардың қауіпсіздік ережелеріне салғырттық танытуы салдарынан туындайды. Күннің ысуы, құрғақ ауа-райы, жоғары температура, жауын-шашынның аз мөлшерде түсуі де өрт қаупін тудыратын фактор болып табылады. Ал, кейбір адамдар темекі тұқылын тастап, не болмаса жаққан оттың орнын дұрыс сөндірмей кетіп жатады. Бұның барлығы қауіпті факторлар. Сондықтан қауіпсіздік ережелеріне бей-жай қарауға болмайды. Адам өмірі қашанда бірінші орында, осыны естен шығармаған абзал!
Алмат СПАНДИЯР,
Қордай ауданы ТЖБ инженері
азаматтық қорғау лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.