Ауданда көктемгі дала жұмыстары мен мал төлдету науқаны қарқынды жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы саласындағы бұл кезең – диқандар мен малшылар үшін ең жауапты әрі тығыз уақыттардың бірі.
Қазіргі таңда астық және жем-шөп дақылдары егілу үстінде. Негізінен арпа, бидай, жүгері және жоңышқа сияқты дақылдарға басымдық берілуде. Тыңайтқыштар мен гербицидтер қолдану жұмыстары қатар жүргізілуде.Техникалар – тракторлар, сеялкалар,
культиваторлар – толықтай іске қосылып, егіс науқанына жұмылдырылған.
Мал шаруашылығында көктемгі төлдету – өте маңызды науқан болып саналады. Қазіргі уақытта қой, ешкі, сиыр және жылқы сияқты мал түрлерінен төл алу қарқынды жүріп жатыр. Ауылдық ветеринарлық қызметтер белсенді жұмыс істеп, аналық малдардың денсаулығын бақылауда ұстап отыр. Көптеген шаруашылықтарда төлдердің аман-есен туылуы және күтімі жақсы жолға қойылған.