ЕГІСКЕ ОРАҚ ТҮСТІ

0

Құрғақшылық қыспаққа алса да қордайлық шаруалар дәнді дақылдарды мейілінше молынан жинауға үмітті. Биылғы жылы облыс бойынша 379 мың гектар жерге дәнді масақты дақылдар егілсе, оның ішінде 162,7 мың гектарға бидай, 216,3 мың гектарға арпа себілген. 22 500 гектар жерге күздік бидай сеуіп,  46 500 гектардан арпа аламыз деп отырған қордайлықтардың да жоспары жаман емес.

Дәндік жүгері  8 000 га, картоп  3 800 га, көкөніс  6 500 га, бақша  600 га, мал азықтары  39 940 га, оның ішінде: сүрлемдік жүгері 900 га, бір жылдық шөп   15 200 га, көп жылдық шөп 23 840 га, сүр (пар)  10 204 га алқапқа себілді. Барлығы –  129 240 гектарды құрап отыр. Осылардың ішінде суды аса қажет ететін дақылдарды аман алып қалу –  күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Ол енді бөлек әңгіме.

Еске сала кетсек, былтыр қордайлық диқандар  егіншілікте дақылдардың орташа түсімі астықтан  17,1 ц/га, масақты дақылдан 16,9 ц/га, дәнді жүгеріден 73,7 ц/га, көкөністен 279,3 ц/га, картоп – 255,6, бақшадан  300 ц/га, майлы дақылдардан 7 ц/га өнім алған болатын. Биылғы жылғы жауын-шашынның аз болуы, суармалы су бойынша орын алған проблемаға қарамастан жақсы өнімнен қашанда үміт көп. Әсіресе бидай мен арпадан жылдағыдай мөлшерде өнім алу көзделіп отыр. 

 Аудан шаруалары жұмысын ширату үшін неселік бағдарламаларға да белсене қатысады. Мәселен,  «Қордай» несие серіктестігі арқылы 89 шаруашылыққа 828,6 млн теңге несие беріліпті. Оның ішінде  «Кең дала», «Агробизнес» бағдарламалары бойынша, техника алған және су үнемдеу технологиясына Тараз «Агрорлық кредиттік корпорациясы» Акционерлік Қоғамы филиалы арқылы  қаржыландырылған шаруашылықтар бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.