ГРАНТТАР АЛУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

0

Қордай ауданы бойынша 2025 жылғы 21 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады. Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.

Гранттың мөлшері 400 АЕК-ті (1 572 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін қажет құжаттар:

— порталда тіркелу;

— грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;

— бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;

— өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.