Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлері оқу орталығы «Зияткерлік күні» мерекесіне орай іс-шара өткізді.

0

Зияткерлік күні – даналық пен білім күні

Әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары ұлан подполковнигі Бақытжан Сералиевтің басшылығымен өткен шараны танк ротасы командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары ұлан аға лейтенанты Жасұлан Кәріпхан ұйымдастырды.
Айтулы шараның мақсаты – курсанттарды отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелей отырып, қазақтың тарихы мен салт-дәстүрін сақтауға және құрметтеуге бағытталды.
Мерекелік шара сайыс түрінде өткізілді. «Армысың, әз – Наурыз» атты зияткерлік ойын сайысына кіші мамандар даярлайтын мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері әскери мектебінің курсанттары қатысты. Сайыстың шартына сәйкес курсанттар «Айбын», «Шаңырақ» және «Алғырлар» тобы болып, білімдерін сынады.
Сайыс ойыны таныстыру, бәйге, мақал – сөздің атасы және капитандар сайысы бойынша төрт кезеңде жүргізілді. Зияткерлік ойыны қазақтың тарихы мен салт-дәстүрлері бойынша сұрақ-жауап әдісімен өтті.
Зияткерлік ойынның қорытындысы бойынша «Алғырлар» тобының капитаны қатардағы жауынгер Бегзат Алдияр үздік топ капитаны атанды. Сондай-ақ 1-ші орынды «Алғырлар» тобы иеленсе 2-ші орынды «Айбын» тобы жеңіп алды. Ал 3-ші орынды «Шаңырақ» тобы жеңіп алды.
Шара соңында ұлан подполковнигі Бақытжан Сералиев жеңімпаздарды грамотамен марапаттады.
– Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Зияткерлік күніне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – сарбаздарды отансүйгіштікке, патриоттыққа, ерлікке тәрбиелеу және де қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрлерін сақтай отырып құрметтеу. Іс-шара зияткерлік сайыс түрінде өткізілді. Бұл сайысқа мотоатқыштар, танкішілер, артиллерия әскери мектебінің сарбаздары сайысқа түсті. Сайыс төрот кезеңнен тұрды. Сайыс кезінде мақал-мәтелдер, жұмбақтар, қазақ халқының тарихы және де салт-дәстүрлері бойынша сұрақтар қойылды. Іс-шара соңында үздік капитан және жеңімпаз команда марапатталды, – дейді ұлан аға лейтенанты Жасұлан Кәріпхан.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.