Қордай ауылы №385 05.11.2025 жыл
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін
мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84 бабының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптарының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауының негізінде Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі аумағындағы азамат Айтбаев Булат Дюсебаевичтің шаруа қожалығындағы, кадастрлық нөмірі 06-090-070-568, шаруа қожалығын жүргізу үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы, жалпы көлемі 146,04 гектар жер учаскесінен 6,0 гектар жер учаскесі жүк автокөліктеріне арналған сервистік аймақтың құрылысын жүргізіп, қызмет көрсету үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын;
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі: 2026 жылдың 01 мамырына дейін;
- Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін жылжымайтын мүлік иесінің жүгінетін орны: Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, № 278 үй мекен жайы бойынша орналасқан «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілік ғимараты;
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін;
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Қордай ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қордай ауданы әкімінің
міндетін атқарушы Б. Сахатов