ИМАНДЫЛЫҚ — ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ТІРЕГІ

0

Ерте замандардан бері адамзат баласымен бірге жасасып келе жатқан дін өзінің түрлі ерекшеліктеріне байланысты адамдар арасында наным-сенім формаларының туындауы және олардың әр жерде әртүрлі деңгейде қалыптасып, дін ретінде орнығуы өмір заңдылығы немесе рухани қажеттілігі десек қателеспейміз. Сондықтан да адамзат өзінің ғасырлар бойғы тарихында небір қиын кезеңдерді бастан өткерсе де діннің формалары өзгеріп отырғанымен, халыққа қызмет етудегі рөлін жоғалтпай сақтап келді.
Діннің қоғаммен, оның ішінде әлеуметпен арадағы қарым-қатынастарын бір-бірінен ажыратып, бөлектеп қарауға болмайды. Себебі, дін кез-келген мемлекеттің пайда болуынан бастап, қалыптасу кезеңдерінде, даму жолдарында, сол мемлекетте өмір сүріп жатқан ұлттардың ұйысуына оң ықпал ете алады. Сол сияқты, керісінше, діндер арасында немесе қандай да бір діни ағымдар әсерімен тыныштық пен бейбітшілікті бұзып, тұрақтылықтан ауытқытып жіберуі де мүмкін. Ал, шынына келсек, әлемдегі адамзат мойындаған дәстүрлі діндер мен конфессиялар адамгершілік пен руханият құндылықтарына жетелейді, соған баулиды. Адамдардың санасына, жүрегіне жылылық пен сүйіспеншілік ұялатады. Байыптап қарасақ, дін кез-келген ұлттың салт-дәстүрлерін де жоққа шығармайды. Керісінше, олармен үндесе отырып, жарасымдық тауып, сенім ұялатып қоғам дамуына жетелейді. Дін қазіргі кезеңде қоғамның әлеуметтік және рухани дамуының маңызды құралдарының бірі болып табылады. Адамдар дін арқылы да ата-бабаларынан бері келе жатқан өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жалғастырып, дамытып, жаңғырта алады.
Өкінішке орай, дінді өзге мақсатта пайдаланатын топтар да табылады. Бүгінгі күні экстремистік пиғылдағы арамзалар адамдардың санасын улап, дәстүрлі дінді бұрмалап, әсіресе жастарды дұрыс жолдан тайдырып жатқанына куә болып жүрміз. Елдің шырқын бұзып, терактілер жасап, бейбіт адамдардың өмірін жалмауда. Әлемнің түкпір-түкпірінен түсіп жатқан түрлі оқыс оқиғалар туралы хабарлар соны көрсетеді. Жасыратыны жоқ, ондай арам пиғылдылар біздің елде де аракідік кездесіп қалып жүр. Сондықтан мемлекет тарапынан олармен күрес үшін арнайы бағдарламалар қабылданып, еліміз бойынша нақты жұмыстар жоспарлы түрде іске асырылып жатыр.

Қаракемер ауылдық округі әкімі аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.