ІНДЕТ ІЛМЕГІНЕН ҚҰТЫЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ

0

Мемлекет басшысының тапсырысына сай Қордай ауданында коронавирусқа қарсы жүйелі жұмыс жалғасуда. Бұл ретте вакцинация пандемияны тоқтатып, қалыпты өмірге қайта оралудың жалғыз ғана жолы болып табылатынына күнделікті куә болып келеміз. Бүгінгі таңда ауданда QazVac, Sinovaс, Рfizer вакциналары бар. Вакцинация тегін жүргізіледі.

Айта кетерлігі, жасөспірімдерді, жүктілер мен бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін американдық Рfizer вакцинасы қолданылады. COVID-19 жұқпасының таралуын алдын алу мақсатында екпені 12 жастан асқан балалар, жүктілер (16-37 апта аралығында), бала емізетін әйелдер (босанғаннан кейін 42-ші күні) алады.
2022 жылдың 24 қаңтарына Рfizer вакцинасы 8404 жасөспірімге, 348 бала емізетін әйелдерге және 196 жүкті әйелге салынды.
Сонымен қатар тұрғындардың әлжуаз тобын қорғау мақсатында ревакцинациялау үшін бірқатар вакциналар түрлері ұсынылуда. Мысалы, 60 жастан асқан азаматтарға ревакцинация үшін Comirnaty (Pfizer) вакцинасы ұсынылды.
Елімізде ревакцинация 22 қарашадан басталды. Бүгінгі күнге ауданда 10173 адам ревакцинациядан өтті.
Естеріңізге сала кетсек, вакцина коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермейтін жалғыз тәсіл болып табылады. Бұл вирустық ауру адамның өмірі мен денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Сондықтан, оның таралуына жол бермеу маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, медицина қызметкерлері вирустың таралу қауіпін төмендету үшін профилактикалық шараларды қатаң ұстау, атап айтқанда бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты, жеке бастың гигиенасын сақтау, үйді желдету қажеттілігін алға тартады.
Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!

«Комирнати» вакцинасын 57 457 адам алды

Жыл басынан бері Жамбыл облысында 2 936 КВИ жағдайы тіркелді оның ішінде 2 659 науқас симптоматикалық ағыммен анықталып отыр.
Жалпы, аймақта COVID-19 инфекциясын 24380 тұрғын жұқтырған. Өткен тәулікте 113 КВИ оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 65 науқас Тараз қаласында тұрады, Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарында бірде бір жағдай тіркелмеген.
Былтырғы ақпан айынан бастап Жамбыл облысында 18 жастан асқан 634 285 адамға екпенің бірінші компоненті, 578 610 адамға екінші компоненті салынды. 22 қараша мен ағымдағы жылдың 24 қаңтары аралығында барлығы 83 983 азамат КВИ-ға қарсы вакциналанды.
Сонымен қатар, мақсатты топтарға Pfaizer иммундау жүргізілуде. Бүгінгі таңда «Комирнати» вакцинасын 57 457 адам алды, оның ішінде 12 мен 17 жас аралығындағы 50 955 жасөспірім, 2 265 жүкті және 4 237 бала емізетін әйелдер бар.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.