КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

0

Прокуратура органдарының негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы туралы кез келген хабарламаларға жедел әрекет ету, кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу жағдайларын болдырмау, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру болып табылады.     

Қордай ауданының прокуратурасы бизнес субъектілерінің жер қатынастары саласында құқықтарының сақталуы мен уәкілетті органдармен тексеру заңдылығына талдау жүргізді.

Талдау нәтижелері кәсіпкерлік қызметтің дамуына кедергі келтіретін заң бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы кәсіпкер субъектісі «Gulser Computers» ЖШС-ның қызметкерлері бетпердесіз қызмет көрсеткені жөнінде тексеру жүргізген.

Алайда бейнежазбаны зерделеумен «Gulser Computers» ЖШС-нің қызметкерлерінде бетперделер болғандығы анықталды.

Бұған қарамастан, Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Кәсіпкерлік кодекстің талаптарын бұзып, негізсіз тексеру жүргізді.

Аудан прокуратурасының араласуы нәтижесінде заңсыз тексеру тоқтатылып, «Gulser Computers» ЖШС-ның құқықтарының бұзылуына жол берілмеді.

Сонымен қатар, талдаумен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі бизнес субъектілеріне заңмен көзделмеген талаптарды жүктегені анықталды.

Яғни, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру шарттарына Жер кодексінің нормаларымен белгіленбеген «бiржақты бұзу» тармағын қосып, кәсіпкерлерді өздеріне тәуелді етуге және сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасады.

Қордай ауданы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде 614 кәсіпкерлермен жасалған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру шарттары заң талаптарына сәйкес қайта жасалып, болашақта кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына жол берілмеді және сыбайлас жемқорлықтың алды алынды, лауазымды тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылды.

Осы тектес заң бұзушылықтарға жол бермеу және кәсіпкерлер құқықтарының бұзылу фактілеріне шұғыл әрекет ету бойынша Қордай ауданының прокуратурасында мобильді топ жұмыс атқаруда.

 

Кез келген заң бұзушылықтар бойынша 8-702-924-23-66 сенім телефонына хабарлауға болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.