Күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары туралы

0

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31,37 баптарына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қордай ауданына қарасты барлық елді мекендер мен олардың айналасындағы аумақтарда санитарлық тазалықты және көшелерді, алаңдарды, саябақтарды, гүл бақтарын, су айдындары мен адамдар жүретін басқа да орындарды көріктендіру, сондай-ақ ағаштар мен басқа да жас көшеттер отырғызу, автомобиль жолдарының бойындағы орман жолақтарының жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу мақсатында, Қордай ауданында 2025 жылдың 1 қыркүйек және 1 қараша аралығында күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы өткізілсін.
  2. Қордай аудандық күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық екі айлығының шұғыл басқару штабы осы қаулының қосымшасына сәйкес құрылсын.
  3. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 Қордай ауданы әкімінің м.а.                                                             Б. Сахатов

Leave A Reply

Your email address will not be published.