«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қордай ауданының кәсіпкерлері игі іске белсене атсалысуда. Аудан әкімі Бегзат Болатбековтің ұсынысына сәйкес, Қордай ауылының бірқатар кәсіп иелері өз нысандарының маңайын абаттандырып, санитарлық жағдайын жақсарту бағытында нақты жұмыстар жүргізуде
Атап айтқанда, кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен сауда орындарының сыртқы келбеті ретке келтіріліп, қасбеттері жөнделіп, тротуарлар мен аула аумақтары асфальтталып, көркейту-көгалдандыру жұмыстары қолға алынған. Бұл бастама ауылдың жалпы эстетикалық келбетін жақсартуға, сондай-ақ тұрғындар мен қонақтарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Бүгінгі таңда 10-нан астам кәсіпкер бастамаға үн қосып, тазалық пен тәртіпке үлес қосуда. Мұндай игі істер ауыл тұрғындары тарапынан да оң бағасын алуда.
Тазалық – ортақ міндет екендігін естен шығармайық!