Қауіпсіздік – басты назарда. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ауыл тұрғындарының, әсіресе балалар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қордай ауылындағы бірқатар көшелерге «жасанды жол кедергілері» және жол белгілері орнатылды.
Бұл шара жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштеріне сәйкес жүзеге асырылды. Жасанды кедергілер көлік жүргізушілерінің жылдамдықты шектен тыс асырмауына және жаяу жүргіншілер жолында абай болуына септігін тигізеді.
Аталған кедергілер адам көп жүретін, мектеп пен балабақша маңындағы көшелерге орнатылды. Алдағы уақытта осындай жұмыстар өзге де көшелерде жалғасатын болады.
Қордай ауылында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жаңа жол белгілері орнатылды. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға жауапты мердігер мекеме – «КазТау ЛТД» ЖШС.
Аталған жұмыс елді мекендегі көлік қозғалысын реттеуге, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Орнатылған белгілер жүргізушілерге жол ережелерін сақтауға мүмкіндік береді әрі жолда жүру мәдениетін жақсартуға ықпал етеді.
Жол белгілерін орнату барысында Қордай ауылдық округінің әкімдігі аппараты мен мердігер ұйым бірлесіп, жол бойындағы жағдайды ескеріп, тұрғындар үшін тиімді шешім қабылдады.