«Келешек біздің қолымызда»

0

Біз жарқын болашақ кепілі, яғни келешектегі болашағымыздың жарқын болуы, біздің қолымызда. Ал, ол үшін біздің міндетіміз жақсы білім алу, сол біліміміз арқылы еліміздің көркеюіне үлесімізді қосу. Бүгінгі таңда мен «Авангард» жеке меншік мектебінде оқимын.

Біздің мектебімізде баланың ақыл ойын, дене бітімін дамытушы қосымша үйірмелер бар. Олар: футбол, хореография, еркін күрес, шахматы, қолөнер…

Маған қатты ұнайтын үйірменің бірі шахмат, менің ойымша шахмат ойнау ой-өрісті дамытады. Мен шахмат үйірмесіне аптасына 3 рет барамын және де онымен шектеліп қоймай үйде де атаммен ойнаймын. Менің болашақтағы мақсатым шахмат ойнаудан Қазақстанды әлемдік деңгейге жеткізу. Сонымен қатар, өз туған жерім Қордайда үлкен шахмат орталығын ашып, өз шәкірттерімді оқыту.

Менің тағы бір болашаққа деген арманымның бірі, ол электротехника жөндеу, яғни мен көптеген радио, телефон, компьютерлерді бөлшектеп, қарап, сол техникадан жаңа заттар ойлап тауып, құрастырғанды жақсы көремін. Үйде ескі радио мен компьютерді бөлшектеп қазіргі заманға сай көмекші ойлап құрастырып жатырмын. Балалық арманымды болашақта жүзеге асырғым келеді.

Бұл мақалада мен болашақ ұрпақ ретінде не жасауым керек және халыққа, еліме калай көмектесе алатыным туралы айтқым келді.

Біз жаңа технологиялар ғасырында өсіп келе жатқан ұрпақ болғандықтан, заманауи құралдармен жұмыс істей алуымыз қажет. Бізге цифрлық сауаттылықты үйрету, инновациялық ойлау қабілетін дамыту болашақтың кілті деп санаймын.

Кирилл  Орлов, «Авангард» бастауыш мектебінің 4 «А» сынып оқушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.