КЕЗЕКТЕН ТЫС ХLIV КОНФЕРЕНЦИЯ

0

3 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының кезектен тыс ХLIV конференциясы өтіп, оның жұмысына «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы Қ.Қыпшақбаева, аудандық филиалдың атқарушы хатшысы М.Күзербаев, «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының және Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, партия ардагерлері мен белсенділері, «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібіне «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Қордай ауданының Масаншы және Сарыбұлақ ауылдық округтерінің әкімдері лауазымына кандидаттар ұсыну туралы бір ғана мәселе шығарылды. Ол бойынша «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Күзербаев хабарлама жасап, партия Қордай аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюросы Қордай ауданының Масаншы және Сарыбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына өзінің кандидатураларын ұсынуы бойынша партия мүшелерінен түскен өтініштерді қарап, Бюрода талқылай келе, Масаншы ауылдық округі бойынша партия мүшесі Буларов Хусеин Башировичтің және Сарыбұлақ ауылдық округі бойынша партия мүшесі Абенов Бахтияр Хажимухановичтің кандидатурасын конференцияның қарауына енгізіп отырғандығын жеткізді. Конференцияға қатысушы делегаттар ұсынылып отырған кандидаттарға жеке-жеке дауыс беріп, күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша қаулы қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.