ЛАЙЫҚТЫ ТАҢДАУ ЖАСАЙЫҚ

0

Елімізде ауыл әкімдерін сайлау мәселесі бұрыннан көтеріліп келгені рас. Менің ойымша, дәл қазір халық бұған әбден дайын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайтынын және 2021 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлауды өткізуге болатындығын айтқан еді.

Осыған байланысты сайлау туралы заңнамаға жуырда енгізілген өзгерістерге сәйкес енді ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкімдерін тұрғындар тікелей сайлайтын болды. Қазақстанда халықтың 40%-дан астамы ауылдық жерде тұратынын ескерсек, бұл сайлаудың орны ерекше. Бүгін Қордай ауданында өкілеттілігі аяқталатын 3 әкім сайланады. Осы орайда, осы сайлау науқанына Қордай, Степное және Сұлутөр ауылдарының тұрғындары қатысуда. Барша жерлестеріммен бірге сайлау учаскесіне барып, таңдауымды жасадым. Және де аталмыш елді мекенде тұратын барлық азаматтарды өз таңдауын жасауға шақырамын.

Біржан ӘЛІМБЕТ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қордай ауданының Құрметті азаматы

Leave A Reply

Your email address will not be published.