МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ЖАҢА «СЕРПІН»

0

Әлемнің көптеген елдері міндетті медициналық сақтандыру жүйесін қолданатыны белгілі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бұл жүйенің тиімділігі іс жүзінде дәлелденіп келеді. Мемлекетіміз 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне өтті.

Жыл сайын жүйенің кем-кетіктері түзеліп, медициналық қызмет алуда жаңа мүмкіндіктер пайда болуда.

Көп жағдайда басты байлық – денсаулықтың қадірін кеш ұғынып жатамыз. Дерт асқындағанда ғана дәрігерге жүгінетініміз – әдет. Мұның себебіне үңіліп қарасақ бірқатар мәселелер ойға түседі. Аурухана дегенде көбіне ұзын-сонар кезек, мамандардың кәсіби деңгейінің төмендігі және олардың науқастарға деген қарым-қатынасы жиі сынға ұшырайды. Ал, жоғарыда айтып өткен медициналық сақтандыру жүйесі азаматтарға медициналық мекемелерді, дәрігерлерді таңдауға мүмкіндік беріп, бәсекелестік туғызып,  қызмет көрсету сапасын арттыруды көздейді. Міне, Қордайлықтар да осындай мүмкіндікке ие болып, мемлекеттік ауруханадан бөлек, жекеменшік емханаларды таңдай алады.

Мәселен, Қордай ауылында Жамбыл облысы тұрғындарына бұрыннан таныс «Серпін» медициналық орталығының филиалы жұмыс жасауда. Бұл орталықта медициналық қызметтердің барлық түрлері көрсетіледі. Мұнда «сақтандырылған» кез-келген азамат медициналық қызметті тегін ала алады. Ол үшін «егов» порталы арқылы Қордай ауданы, «Серпін» медициналық орталығын таңдау керек. Осыдан кейін жалпы тәжірибелі дәрігер, ЛОР дәрігер, травматолог-ортопед, балалар дәрігері, невропатолог, кардиолог, реабилитолог, эндокринолог, стоматолог, хирург, гинеколог, көз дәрігері, логопед-деффектолог, психолог сынды мамандар тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге дайын. Осыдан бөлек орталықта заманауи УЗИ диагностикасы, лоборатория, нейросонография, массаж, физиотерапия, эрготерапия, емдік жаттығулар кабинеті, «тұзды» бөлме тағы да басқа қызметтер көрсетіледі. Бір сөзбен айтқанда кәдімгі мемлекеттік ауруханадан кем емес, тіпті артық десе де болады.

Медициналық орталықтың артықшылықтарын оның басшысы Балжан Сүйіндік толық айтып берді:

— «Серпін» орталығы күнделікті сағат 8.30-дан кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Жалпы тәжірибелі дәрігер және педиатр тұрғындарды күнделікті қабылдайды. Ал, ЛОР, офтальмолог, кардиолог, артролог, травматолог-ортопед, узист сынды дәрігерлер жұмыс кестесіне сай әрқайсысы белгілі бір күндері жұмыс істейді. Біздегі дәрігерлердің барлығы үлкен тәжірибелері бар, қиын операциялар жасайтын мамандар, олар Бішкек және Алматы қалаларында мықты деген емханаларда жұмыс істейді. Алдағы уақытта біздің орталыққа тіркелген азаматтарды жастарына қарай санаттарға бөліп, олардың талаптары бойынша, яғни сұраныс болғанда ақылы түрде өзге де дәрігерлерді шақыру ойымызда бар. Мысалы, пульмонолог, генетик сынды мамандар, қазірде ондай дәрігерлерді табуға қиын.

Мемлекеттік ауруханадан артықшылығымыз – бізде ұзын кезектер болмайды. Өзіміздің орталық ауруханада кейбір дәрігерге жазылу үшін тұрғындар бір ай бұрын кезекке тұрады. Бізде емшаралар, лоборатория, физкабинет, «тұзды» бөлме – бәрі сақтандырылған азаматтарға тегін. Орталықта балақайларға, жүкті әйелдерге, қарияларға арналған «оттегі коктейлі» беріледі, сонымен қатар жаттығу кабинетінде буындардың қозғалғыштығын жақсартуға және бұлшықет спазмдарынан арылтуға бағытталған құрал-жабдықтар бар. Қазіргі таңда көп балалардың аяқтары түзу емес. Сол себепті біз арнайы ортопедті, жаттықтырушыны шақырдық. Бір сөзбен айтқанда, «Серпін» орталығы тіркелген азаматтардың бәріне тегін қызмет көрсетеді. Медициналық орталықта портал арқылы ота жасатуға көмектесеміз, еңбекке жарамсыз парағы немесе басқа да анықтамаларды да береміз, — дейді Балжан Ержанқызы.

Айта кету керек, жекеменшік медициналық орталыққа тіркелген азаматтар оқыс жағдайында шұғыл көмекке мұқтаж болса жедел жәрдем, шұғыл ота жасау, тағы басқа қызметтерді де қатар алады. Қордай ауданының кез-келген ауылында тұратын азамат медициналық орталыққа тіркеле алады. Сонымен қатар, бұл орталықтың жеке стомоталогиясы да бар. Мұнда 18 жасқа дейінгі балалар, мүгедектер және зейнеткерлер тістерін тегін емдей алады. Жалпы, міндетті мемлекеттік сақтандыру жүйесінде әлеуметтік жағдайы әлжуаз топтарға мемлекет жарнаны өзі аударады. Демек, барлық медициналық қызметтерді тегін алады.

PS: Құрметті аудан тұрғындары! «Серпін» медициналық орталығына 2023 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасы арасында тіркеле аласыздар. Ал, медициналық қызметтерді 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін ала аласыздар. Егер де біреуге қызмет көрсету ұнамаса бір жылда екі рет тіркелу мүмкіндігі бар, яғни басқа медициналық мекемеге тіркелуге құқылы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.