МЕКТЕПТЕРДІҢ ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0

Санаулы күндерден кейін білім ошақтарында «Алғашқы қоңырау» соғылып, жаңа оқу жылы басталады. Қазір аудан мектептерінде дайындық қарқынды жүргізілуде.

Осыған байланысты, аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай жетекшілік етіп, аудандық білім бөлімі, аудандық орталық аурухана тағыда басқа бөлім мен мекеме басшыларынан құрылған жұмысшы топ мектептердің 2024-2025 жаңа оқу жылына дайындық бойынша аудан орталығындағы бірқатар білім беру нысандарына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Шарада білім беру ұйымдарындағы ағымдағы, күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінде және сапалы аяқтау, мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Зерделеу жұмыстары Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп лицейінен бастау алып, Мұхамед Хайдар Дулати атындағы тірек орта мектебімен қорытыланды. Топ мүшелері мектеп сыныптарынан бастап асхана, спорт зал, жылыту қазандықтарына дейін қарап шықты. Шара барысында, топ жетекшісі Дамира Маратқызы жаңа оқу жылында оқушылардың қауіпсіздігін басты назарда ұстап, аталған талаптарды күшейту бойынша тиісті мамандарға тапсырмалар жүктеді.

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.