МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰҒЫРЛЫ ТІРЕГІ

0

Мемлекеттік тіл егемен еліміздің негізгі нышандарының  бірі. Кез-келген өркениетті елдің өзінің рәміздері, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де —  елдігіміздің негізгі атрибуттарының бірі.

Мемлекеттік тіл —  халқымызды тұтастыратын, ынтымақтастыратын негізгі фактор. Қазақ тілін білу отансүйгіштіктің көрінісі. Өзімізді танығымыз келсе, мемлекеттік тілді меңгеруіміз керек.

Жалпы біз мемлекеттік тілді дамытуды негізінен күнделікті өмірден бастауымыз керек Адам күнделікті не нәрсемен кездеседі, нені пайдаланады міне сол жердегі қолдану аясын кеңейту керек. Мәселен, тұрмыстық техникаларда, интернетте, ұялы телефонда және тағы басқа да. Ұялы телефон адамның күндіз-түні пайдаланатын құралы. Соның мәзіріне кірсеңіз тілдер деген бөлімі бар.  Онда ағылшын, испан, қытай, араб, орыс, француз және басқада тілдердің бәрі бар.Тек мемлекеттік тілімізді көрмейміз. Бізге бірінші кезекте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзірлеп, ол заң жобасымен мемлекеттік тілге қатысы бар заңдарға мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қатысты, өкілеттіктерді күшейтуден бастап, қолдану аясын кеңейту және жауапкершілікті белгілеуге дейінгі ауқымды қамтыған өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек.

 Г.Бабижанова, «Тілдерді оқыту орталығының» оқытушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.