МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

0

Қордай ауданы әкімдігі жанындағы Мемлекеттік Рәміздер жөніндегі комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, мемлекеттік рәміздердің қолданылу тәртібіне зерделеу жұмыстары басталды.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Аталған шара Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы Әсет Есбосынов, Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Лаура Түкменбетова және аудандық білім бөлімі маманы Салтанат Тлеубердиеваның қатысуымен жүргізілді. Комиссия мүшелері аудан орталығындағы білім беру мекемелері мен мәдениет ошақтарында мемлекеттік рәміздердің талапқа сай орналастырылуын, олардың сақталу жағдайын және қолдану тәртібін жан-жақты тексерді. Зерделеу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының ресми стандарттарға сәйкес орналасуы, олардың дұрыс қолданылуы және күтіп ұсталуы басты назарға алынды. Сонымен қатар, мекеме басшылары мен қызметкерлеріне мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңнама талаптарына сай ұсыныстар берілді. Комиссия мүшелері мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету әрбір азаматтың парызы екенін атап өтіп, мекеме өкілдеріне бұл бағыттағы жұмыстарды үнемі назарда ұстау қажеттігін ескертіп, арнайы әзірленген сауалнама жүргізді. Қордай ауданы әкімдігінің Мемлекеттік Рәміздер жөніндегі комиссиясы алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, тұрақты бақылауда ұстайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.